Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өгей әкемен бірге тұратын отбасылар тексеріле ме: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Отбасы
Отбасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха балалары өгей әкесімен бірге тұратын отбасылардың қауіпсіздігі тексеріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вице-министр Игорь Лепеха балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасылардағы зорлық-зомбылықты тексеруге қатысты өз ұстанымын білдірді.

"Баланың өгей әкесінің тәрбиесінде болуы заң бұзушылыққа жатпайды және тексеруге негіз бола алмайды. Жәй ғана баланы өгей әке тәрбиелеп жатқаны үшін біз тексермейміз. Бұл мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын", - деп жауап берді вице-министр.

Оның айтуынша, тексеруге кәмелетке толмаған баланың кейбір құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы немесе қылмыстық және әкімшілік заңнаманың бұзылуы ғана себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, ІІМ балаларға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталғанда учаскелік полицейлер қалай әрекет ететінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039658-qazaqstanda-ogei-akemen-birge-turatyn-otbasylar-tekserile-me-iski-ister-ministrligi-zauap-berdi/