Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде қанша қазақстандық бар: СІМ жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильде жүрген Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияровтың айтуынша, 7 қазан күні елшілікте Израильдегі қазақстандықтар мен олардың туыстары үшін жедел штаб пен сенім телефоны ашылған. Екі күннің ішінде 500-ден астам өтініш келіп түскен.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жалпы 118 отандасымыз Қазақстанға оралуға ниет білдірген.

"Қазақстан Республикасының елшілігі Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстанға оралғысы келетін азаматтардың тізімін жасап жатыр. Қазақстандықтар үшін арнайы репатриациялық рейс мәселесі үкімет деңгейінде пысықталуда", – деді Смадияров.

Ол Тель-Авив әуежайының қазір жұмыс істеп тұрғанын айтты. Оның сөзінше, Air Astana әуе компаниясының тоқтатылған рейстерінен бөлек басқа да рейстермен елден ұшып кетуге болады. Сонымен қатар Смадияров рейстер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоқтатылғанын атап өтті.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Израильде консулдық есепте тұрмаған тағы 400-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

Консулдық есепке тұрғандардың арасында Израильде оқитын 5 қазақстандық студент пен сол елде өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан 35 азамат бар екені анықталған.

Смадияров Израильде қаза тапқан, жараланған немесе кепілге алынған қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040183-sim-zuzden-astam-qazaqstandyq-izrailden-elge-oralgysy-keledi/