Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалған балалардың денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жасанды су қоймасы
Жасанды су қоймасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға арналған жасанды су қоймасынан 7 және 8 жастағы екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұлдардың анасы 5 қазан күні кешкі сағат 22.00-де Галицкое ауылындағы учаскелік полиция қызметкеріне жүгінген.

Ол балаларын іздеуге көмек сұраған. Айтуынша, жұмыстан кейін үйіне келгенде ұлдарын таппай қалған. Бұл хабарламадан кейін полицейлер мен ауыл тұрғындары жоғалған балаларды сол аумақтан іздей бастаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында сағат 23.00-де ауылдан 500 метр жерде ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға арналған жасанды су қоймасынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ балалардың денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Павлодар облысы ДП баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ полиция жасанды су қоймасы қоршалмағанын, жарық қойылмағанын және адамдар үшін қауіпті екенін атап өтті.

Облыстық ПД аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) және 254-бабы (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040214-pavlodar-oblysynda-zogalgan-balalardyn-denesi-tabyldy/