Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбырдың соңы қарға ұласады: алдағы күндері елімізде күн суытуы мүмкін

Жарияланған күні:

Күз
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Нөсердің арты қарға ұласады деп күтілуде.

Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде -5...+7 градусқа дейін, күндіз +5...+18 градусқа дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде -5...+5 градусқа дейін, күндіз +5...+13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040252-zanbyrdyn-sony-qarga-ulasady-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/