Антикор Шымкент Мәдениет басқармасының басшысына қатысты тергеу жүргізуде
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеевке қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Оны Антикордың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Иә, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын растаймыз. Толық мәлімет кейінірек белгілі болады", - деді NUR.KZ тілшісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Сәкен Сейітханұлы Шәкеев 1989 жылы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған.
Сәкен Сейітханұлы еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің шаруашылық жөніндегі әкімшісі ретінде бастады.
2009-2014 жылдары логистика департаментінің жетекші менеджері,
2014-2015 жылдары қаржы және әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің заңгері,
2015-2017 жылдары логистика департаментінің директоры,
2017-2020 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамының вице-президенті болып жұмыс істеді.
2022 жылғы 6 қыркүйектен бастап мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2023 жылғы 10 наурыздан бастап Шымкент қаласының мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040744-antikor-symkent-madeniet-basqarmasynyn-bassysyna-qatysty-tergeu-zurgizude/