Өрмекшінің суреті бар бетпердемен келген: Ақтауда мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтаудағы мектептердің бірінде оқушы өрмекшінің суреті бар бетперде тағып келген. Мұғалім сыныптан шығуды бұйырғанымен, оқушы тыңдамай қарсылық білдірген. Олардың арасында туындаған жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Lada.kz.
Басылым мәліметінше, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал камераға түсіп қалған. Кадрларға қарағанда, мұғалім оқушының кабинеттен шығуын талап еткен, бірақ ол қарсылық көрсете бастаған.
Білім бөлімінің басылымға берген мәліметінше, оқушы сыныпқа өрмекшінің суреті бар бетперде тағып келіп, оны шешуден бас тартқан.
Маңғыстау облысының полиция департаменті де оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, кикілжің кеше, 16 қазанда 14-ші шағын аудандағы №1 мектепте болған.
"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысының сабақ кезінде мұғалімнің сөзін тыңдамағаны туралы видео анықталды. Осы факті бойынша Ақтау қалалық ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімнің ата-анасын анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді", - деп хабарлады полициядан.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті мұғалім тарапынан шағым түспегенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041266-ormeksinin-sureti-bar-betperdemen-kelgen-aqtauda-mugalim-men-oqusy-arasyndagy-zanzal-videoga-tusip-qaldy/