Атырау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты қала әкімдігі пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде Атырау облысының Мақат ауданында газ өңдеу зауытын салып жатқан жұмысшылардың ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы Petrocouncil.kz арнасында бүгін, 24 қазанда Атырау облысы Мақат ауданында газ өңдеу зауытын салып жатқан "Kazakh Construction Group" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды.
Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша бүгін түскі уақытта "Kazakh Construction Group" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы, Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің өкілдері, Мақат ауданының әкімдігі мен прокуратурасы жұмысшылармен кездесті.
"Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шамамен сағат 14:00-де барлық жұмысшы жұмысқа кірісті. Сонымен қатар жұмысшылар Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына талаптары көрсетілген өтінішіпен жүгінді. Өтініш Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қарастырылылады", - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042410-atyrau-oblysyndagy-zumyssylardyn-ereuiline-qatysty-qala-akimdigi-pikir-bildirdi/