Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашынан сүйреген": Алматыда қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жылап отырған қыз
Жылап отырған қыз. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде екі қыздың жанжалы мен төбелесі түсірілген видео пайда болды. Жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақылау камерасындағы видео Almaty_Kris_P Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Кадрда екі қыздың жанжалдасып қалғанын көруге болады. Біраз уақыттан кейін қыздардың бірі екіншісін шашынан сүйреп, тізесімен ұрған.

"Зардап шеккен қызға мұрынның жабық сынуы, қатты ісіну, сүйектің репозициясы деген диагноз қойылған", -делінген жазбада.

Хабарламада жәбірленуші полицияға жүгініп, арыз жазғаны мәлім етілген.

Алматы полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметінше, бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

"Оқиғаға қатысушылардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042417-sasynan-suiregen-almatyda-qyzdardyn-tobelesi-videoga-tusip-qaldy-video/