Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада электр қуаты толық қалпына келтірілді

Жарияланған күні:

Елорда
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада кеше кешкі уақытта желідегі апат салдарынан қаланың оң жағалауында жарық сөніп, ауызсу беру тоқтатылған еді. Түнгі сағат бірде электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми cайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, төтенше жағдайлар қызметі бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысын қалпына келтірген. Жұлдыз, Шығыс, Астана қалалық, орталық, ПНФ, Степная қосалқы станциялары қосылған.

"Астанада электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді. 30 қазан сағат 1.00-дегі жағдай бойынша елорданың барлық 10 қосалқы стансасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жедел тоқтары қалпына келтірілді", - делінген хабарламада.

Электр желісінің жұмысын қалпына келтіру үшін түнде елордада "Астана-АЭК" АҚ-ның мына бригадалары жұмылдырылған:

- кернеуі 0,4/10 кВ электр желілерімен жұмыс істеу үшін жедел персоналдың 5 бригадасы;

- кернеуі 110 кВ электр желілерімен жұмыс істеу үшін жедел персоналдың 4 бригадасы;

- қосалқы станцияларға қызмет көрсетуге жауапты 4 бригада;

- Ререлік қорғаныс бойынша маманданған 5 бригада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043089-astanada-elektr-zelisi-tolygymen-qalpyna-keltirildi/