Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алғанын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
10 мыңдық купюралар мен калькулятор
10 мыңдық купюралар мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова үкіметтегі брифингте Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан көз жұмған кеншілердің қанша жалақы алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Дүйсенова апаттан қайтыс болған кеншілердің табысы туралы деректер "Отбасының цифрлық" картасы арқылы алынғанын атап өтті.

"300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас кеншілер яғни, жұмысқа енді тұрғандар болған. Сондықтан жалақы мөлшері бойынша айырмашылық бар. Жалақы мөлшері жұмысшының біліктілігі мен атқарған қызметіне де байланысты", - деді ол.

Дүйсенованың айтуынша, кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралады. Сондай-ақ олардың ұжымдық келісімшартында орындаған жұмыс көлеміне байланысты тиісті қосымша төлемдер қарастырылған.

"Бұрынғы жылдары инфляция деңгейінде, кейін өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырдық", – дейді премьер-министрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

ТЖ салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ шахтадағы өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043422-tamara-duisenova-kostenko-saxtasynda-qaza-tapqan-kensilerdin-qansa-zalaqy-alyp-kelgenin-aitty/