АМТ инвесторы шахтада болған апат үшін Қазақстан заңнамасына сай жауапқа тартыла ма: Әділет вице-министрі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысындағы шахтада болған қайғылы оқиға үшін "АрселорМиттал Теміртаудың" шетелдік инвесторын Қазақстан заңнамасына сай жауапқа тартуға бола ма? Бұл сауалға бүгінгі мәжіліс кулуарында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бұл факті бойынша өнеркәсіптік әрі техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамдар мен тергеу органдары жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі.
Қайғылы оқиғаға әкеп соққан әрекеттерде құқық бұзу белгілері анықталса, онда тергеу нәтижесіне қарай нақты айтуға болады. Әрине, жауапкершілік бар, бірақ оның қандай сипатта болатыны тергеу аяқталған соң белгілі болады", - дейді Әділет вице-министрі.
Алма Мұқанованың айтуынша, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде қылмысты Қазақстан немесе шетел азаматы жасады деп бөліп, қарастырмайды.
"Қарапайым мысал: егер шетелдік Қазақстан Республикасының аумағында басқа адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірсе, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп түсіндірді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қарағанды облысындағы шахтада болған төтенше жағдайға қатысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы сұраққа жауап берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043439-arselormittal-temirtau-investory-saxtada-bolgan-qaigyly-oqiga-usin-zauapqa-tartyluy-mumkin-be/