Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастарды мәжбүрлейді": Қазақстанда сарбаздарға несие алуға тыйым салынуы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз
Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әділет министрлігінің кулуарында мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков халықтың қарыз мәселесін шешу үшін заңға қандай жаңа өзгерістер енгізу ұсынылып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжілісмен Ерлан Стамбеков бүгін Үкіметаралық комиссияның отырысында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірге таныстырды.

Кейін Әділет министрлігінің кулуарында ол құжаттың негізгі жаңалығын жария етті.

"Әскери қызметкерлерге келетін болсақ, ең алдымен, қызмет мерзімі кезінде мораторий (несие алуға – ред.) енгізу туралы айтып отырмыз. Бұл арнайы мерзімге борышын өтеуге келген сарбаздарға қатысты.

Екіншіден, бұл да жаңалық - біз әскерге шақырылғандардың несие алуына толығымен тыйым салғымыз келеді. Өйткені, белгілі болғандай, әскерде жасы үлкен сарбаздар несие алуға, оны төлетуге жастарды мәжбүрлейді. Бір сөзбен айтқанда, мұндай тәжірибе кездескен және оны тоқтатуымыз керек", - деді депутат.

Оның айтуынша, әскерде сарбаздар барлық қажет нәрсемен толық қамтамасыз етіледі, сондықтан несие алудың қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043777-zastardy-mazburleidi-qazaqstanda-sarbazdarga-nesie-aluga-tyiym-salynuy-mumkin/