Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты
Жарияланған күні:
Мемлекеттік мүлікті ысырап ету ісі бойынша сотталған қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы ақпаратты NUR.KZ тілшісіне ҚАЖК өкілдері растады.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Боранбаев бүгін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанын, 6 қарашада бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылғанын хабарлады.
Кәсіпкер пробация қызметінің бақылауында болады.
"Мекеме әкімшілігі сотталғанға пробациялық бақылауды есепке қою және жүргізу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кету туралы нұсқама береді, осы шарттарды сипаттайтын материалдар жіберіледі", - делінген комитет хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін сот үкімімен Қайрат Боранбаев мемлекеттік мүлікті жымқыруға жәрдемдескені үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Алайда 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды. Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған: сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген; кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеумен белсенді жұмыс істеді және істеген ісіне өкінеді; қамауда болған кезеңде ол оң қасиеттерімен сипатталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044266-qairat-boranbaev-bostandyqqa-syqty/