"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады
Жарияланған күні:
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев компания жаңа инвесторларына нақты қандай міндеттер жүктеліп, талаптар қойылатынын айтты.
"Қазіргі таңда АМТ-ға дереу қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инвестиция қажет. Оған қоса бұған дейін үкіметтің айтуынша, АМТ орта мерзім ішінде өндіріс желісін кеңейту үшін әрі өндірістік қуатты ұлғайту үшін 3,2 млн тонна болат өндіруде. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 4,5-4,8 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі бар.
Бұл жағдайда: әуелі біз өнеркәсіптің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін инвестиция құюды талап етеміз. Екіншіден, өткен жылдардағы жұмыс көрсеткішіне дейін қайта жеткізу үшін өндірістің көлемі мен қуатын арттыруды міндеттеу. Жүргізген есебіміз бойынша орта мерзімді перспективада мұндай инвестицияларға кететін шығын көлемі шамамен 3 миллиард долларды құрайды. Ал әзірге өндіріс көлемін ұлғайтып, өнеркәсіптің қауіпсіздігін арттыру үшін 1 миллиард долларға жуық қаражат қажет", – деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044928-arselormittal-temirtau-zana-investoryna-qandai-talaptar-qoiylady-asimbaev-pikir-bildirdi/