Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар көшкіні жүруі мүмкін": мамандар алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көрнекі фото
Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бүгін Алматыда қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2023 жылдың 10-11 қарашасы аралығында Алматы қаласының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде (2500 метрден жоғары биіктік аймағында) жауын-шашынның және тұрақсыз қар жамылғысы салдарынан қар көшкіні жүруі мүмкін", - дейді мамандар.

Синоптиктер тұрғындарды қар көшкінін болдырмау үшін қар басқан беткейлерге шықпауға және тауда сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін оңтүстік астанада жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045130-qar-koskini-boluy-mumkin-mamandar-almaty-turgyndaryna-tauga-syqpauga-kenes-berdi/