Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде бір жасар бүлдіршін сақина жұтып қойған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Баланың аяғы
Бүлдіршін. Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде бір жасар бүлдіршін сақина жұтып қойды. Ал жедел жәрдем бригадасы шақыртуға жеткенге дейін диспетчер телефон арқылы кеңес бере отырып көмек көрсетті, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылым ШҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазуынша, "103" нөміріне бір жасар баланың сақинаны абайсызда жұтып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан баланың тыныс алу жолдары бітеліп, тұншыға бастаған.

"Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға жеткенге дейін жедел медициналық қызмет көрсету станциясының (ЖҚС) диспетчері Елдос Әнуарханов телефон арқылы ересектерге кеңес беріп, Геймлих маневрін қалай жасау керектігін түсіндірген. Қуанышымызға орай, берілген кеңестің көмегі тиіп, баланың тынысы ашылды", - деп жазады басылым.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 9 айлық нәресте емізік жұтып қойғаны туралы жазған едік. Дәрігерлер нәрестеге шұғыл ота жасап, өмірін аман алып қалды.

Дәрігерлер осындай жағдай орын алған жағдайда, уақыт жоғалтпай, бірден емдеу мекемесіне апару керек екенін ескертіп, балаларға жұтып қоюы мүмкін заттарды бермеуге, ұсақ-түйек заттармен оларды ойнатпауға және назарда ұстауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045491-oskemende-bir-zasar-buldirsin-saqina-zutyp-qoigan/