Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан Қазақстанға су беруді тоқтатып тастауы мүмкін бе: Нұржігітов жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жемісті жуып жатқан адам
Су. Көрнекі фото: pexels.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ОКҚ-да өткен брифингте Қырғызстаннан Қазақстанға су жеткізу мәселесі жайлы айтты. Министрге тек бір тарап су беруді доғаруы мүмкін бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Нұржан Нұржігітовке Қырғызстан Қазақстанның оңтүстік облыстарына су беруді тоқтатуы мүмкін бе деген сауал қойды.

"Сырдария бассейні мен Шу, Талас өзендері бойынша арнайы құрылған комиссиялар бар. Осы комиссиялар аясында әр кезеңдегі судың болуына қарай шаралар қабылдап, суды үлестіреміз.

Ал суды толығымен өшіру мүмкін бе деген сұраққа келер болсақ, ондай қауіп жоқ. Бұл - мемлекетаралық ынтымақтастық. Қазақстан басқа елдермен де бірқатар сала бойынша ынтымақтастықта. Мұндай шешімдерді бір жақ тарап қана қабылдай алмайды", — деді министрлік басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046355-qyrgyzstan-qazaqstanga-su-berudi-toqtatyp-tastauy-mumkin-be-nurzigitov-zauap-berdi/