Алдағы күндері елімізде боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы үш күн, 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Каспий теңізі циклоны жүреді.
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 22 қарашада батыс аймақтар мен солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.
Синоптиктер республика бойынша 15-28 м/с-ке дейін жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болуы ықтимал.
Қазақстанның батысында ауа температурасы -2...-12 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Ал республиканың шығысында түнде ауа температурасы -8...-13 градустан 0...-5 градусқа дейін өзгеруі мүмкін.
Мамандар Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс жоғын болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046615-aldagy-kunderi-elimizde-boran-sogyp-koktaigaq-boluy-mumkin/