Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Денис Теннің ескерткішін қорлады деген күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Денис Тен ескерткіші
Денис Тен ескерткіші. Фото: tiktok.com/@mirzoev_amir

Полицейлер Алматыдағы Денис Тен ескерткішін қорлады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Денис Тен ескерткішіне вандализм жасады деген күдікке ілінген тұлға ұсталды. Ол психоневрология есебінде тұрған, Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды.

Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ұсталған адам Психикалық сауықтыру орталығына орналастырылды", – деп атап өтті қалалық полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Алматыда орнатылған ескерткішінің фотосы пайда болған еді. Фотодан біреу ескерткішке алдын ала болжам бойынша қара фломастермен сурет салып кеткенін көруге болады.

Сондай-ақ жарияланған фотодан бұзақының айтуынша, ол өзінің тегін, атын, әкесінің атын, телефон нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтерін қалдырған. Одан бөлек, құқық бұзушы өзінің "хабарламасында" қазақстандық қоғам туралы пікір білдірген.

Алматы полиция департаменті өкілдері аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Алматыдағы қазақстандық спортшыға арналған ескерткіш 2019 жылы маусымда қойылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047188-almatyda-denis-tennin-eskertkisin-qorlady-degen-kudikti-ustaldy/