Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-судья Асқар Дарбаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанайда бұрынғы судья Асқар Дарбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Сондай-ақ кәсіпкер, Сарыкөл ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Елжас Қалқаев жазаланды, деп хабарлайды Tobolinfo ақпараттық агенттігі.

Тергеушілердің мәліметінше, Қостанай облыстық сотының әкімшілік алқасының төрағасы соттың оң шешімі үшін жер қойнауын пайдаланушыдан 19 миллион теңге көлемінде пара талап еткен, ал кәсіпкер делдал болған.

Екі жақтың уәждерін тыңдағаннан кейін судья Асқар Дарбаевты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызмет пен сот жүйесінде лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Елжас Қалқаев Қылмыстық кодекстің 368-бабы 1-бөлігі бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Ол да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Еске салайық, 2022 жылдың 17 тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасының Қостанайдағы өзара іс-қимылы нәтижесінде облыстық сот судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047291-eks-sudya-asqar-darbaev-9-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/