Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан: полиция пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Төбелесіп жатқан адамдар
Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

Желіде Екібастұзда оқушының аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Жағдайға қатысты Павлодар облысының ПД өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты жауап беріп, оқиға 2023 жылғы 6 қарашада болғанын мәлімдеді.

"Жанжал 2009 және 2008 жылы туған кәмелетке толмағандар арасында болып, ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-анасына және басқа да құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оқу орнында профилактикалық кеңес өткізілді. Бұл факті бойынша материалдар Екібастұз қаласының кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды", - деп хабарлады ведомстводан.

Екібастұз қаласының білім бөлімі зардап шеккен баланың ауруханаға бармағанын және полицияға арыз түсірілмегенін айтты. Жанжал №6 және №10 мектеп оқушылары арасында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047331-ekibastuzda-mektep-oqusysyn-ayausyz-soqqyga-zyqqan-policiya-pikir-bildirdi/