Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда екпе алмаған балаларды балабақшаға кіргізбейді": ДСМ ақпаратқа жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Балабақша
Балабақша. Көрнекі фото: Pixabay.com

Желіде "екпе алмаған балаларды балабақшаларға кіргізбейді" деген ақпарат тарады. Үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің өкілі бұл ақпаратқа қатысты қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан балаларды қабылдауға шектеу қою туралы мұндай қаулы жоғын айтты.

"Бізде бар бұйрық бойынша бір топтағы екпе алмаған балалардың үлесі 10 пайыздан аспауы керек. Бұл шешім 2020 жылы "Халық денсаулығы туралы" кодексті жүзеге асыру аясында қабылданған. Сол кезден бастап ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ", - деді ол комитет басшысы.

Сәдуақасовтың сөзінше, екпе алмаған балаларды балабақшаға жібермеу туралы таралып жатқан ақпарат жалған.

Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруына қатысты қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық балабақшалар мен мектептерде карантин енгізілмейтінін де айта кетті.

"Бұл екпе арқылы алдын алуға болатын инфекция, сондықтан әзірге шектеу шаралары енгізілген жоқ және енгізу жоспарланбайды.

Егер қандай да бір топта аурудың көптігін байқап, екпе аламаған балалардың саны рұқсат етілген шекті деңгейден асып түсетінін анықтасақ, онда дәл осы ұйымда - мектепке дейінгі, орта немесе жоғары білім беру ұйымында - бұл бойынша арнайы шаралар қабылданады" , - деп толықтырды комитет төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.

Айта кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері елдегі қызылша эпидемиялық жағдайы туралы айтып, 30 бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047993-qazaqstanda-ekpe-almagan-balalardy-balabaqsaga-kirgizbeidi-dsm-aqparatqa-zauap-berdi/