Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да сепаратизмге қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Петропавлда сепаратизмге қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Сотталғандар қатарында Қазақстан Республикасы әлі де КСРО құрамында деп мәлімдеген ұйымдастырушы және үш белсенді бар.

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, төрт айыпталушы 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Басылым тілшілері анықтағандай, сотталушылар:

  • ұйымдастырушы 48 жастағы автослесарь;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған 40 жастағы тұрғын мен жиналыста хатшы болып сайланып, декларация мәтінін оқып берген 52 жастағы мұғалім;
  • кеңес мүшелеріне рәміздер мен құжаттар дайындаған 37 жастағы БАД (Биологиялық белсенді қоспалар) сатушы.

Жиналысқа қатысушылардың қалған бөлігі іс бойынша куәгерлер болған.

Нәтижесінде сот айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі (мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттау) және 180-бабының 2-бөлігінде (Сепаратистік әрекет) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныған.

Сот үкімі бойынша ұйымдастырушы 9 жылға, қалған үш белсендінің әрқайсысы 7 жыл бас бостандығынан айырылған. Олар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтейді.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048068-sqo-da-separatizmge-qatysty-atysuly-is-boiynsa-sot-ukimi-syqty/