Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

inDrive негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Арсен Томский
Арсен Томский. Фото: instagram.com/arsentomsky

inDrive тасымалдау қызметінің негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. Оның айтуынша, "бейтарап елдің" азаматтығын алу – компанияға қатысты жаһандық жоспарларының жүзеге асырылуына қолайлы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кәсіпкердің Қазақстан Республикасының азаматы болғанын растады.

"Соңғы жылдары Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды кәсіпкерлерді тартатын орынға айналды. (...)

Мысалы, бүгін inDrive негізін қалаушысы әрі бас директоры Арсен Томский Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын ресми түрде мәлімдеді", – деді министр Telegram арнасында.

Бағдат Мусиннің айтуынша, шетелдік бизнесмендер Қазақстанға қоныс аударып қана қоймай, сондай-ақ елімізге өз идеялары мен технологияларын белсенді түрде енгізіп жатыр әрі бизнес активтері мен кеңселерін Қазақстанға аударып, жоғары білікті мамандарды, сарапшыларды және кәсіпкерлерді тартуда.

Арсен Томский өзінің Telegram арнасында Қазақстан Республикасы үкіметінің шақыруымен ел азаматтығын қабылдағанын атап өтті.

"Қазақстан үкіметінің шақыруымен мен осы елдің азаматтығын қабылдадым. inDrive жаһандық компанияға айналды, жаһандық миссиясы мен стратегиялық мақсаттары бар. Оған қоса бас директоры, құрылтайшысы және негізгі акционері – бейтарап елдің азаматы болса, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлдеқайда жоғарылайды.

Дегенмен Якутия – менің Отаным, ал мен саха болып қаламын, мен республиканың өмірін жақсарту үшін аянбаймын. inDrive неғұрлым табысты болса, соғұрлым Якутияға көп пайдам тиеді – табысымның барлығын дерлік көбіне коммерциялық емес жобаларымызға жұмсаймын, оған қоса олардың барлығы да Якутиядан бастауын алды десе болады", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан, кәсіпкер Ресей төлқұжатынан бас тартуға мәжбүр болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048865-indrive-negizin-qalausy-arsen-tomskii-qazaqstan-azamattygyn-aldy/