Елорда орталығында полицейлер жол жабылуы салдарынан туындаған кептеліске қатысты пікір білдірді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде елорда орталығындағы жолдардың бірі жабылып, салдарынан кептеліс туындағаны түсірілген видео пайда болған. Астана полиция департаменті баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Astana_brothers Instagram парақшасында жарияланған видеодан полицейлер жолдың бір бөлігін жауып тастағанын көруге болады. Салдарынан үлкен кептеліс туындаған.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің ақпараты бойынша, кеше, 2 желтоқсанда Амман көшесінде екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
"Toyota көлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші Шарль де Голль көшесі жағынан Амман көшесімен келе жатып, көлік рулін басқара алмай, қарсы келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан", – деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері хабарламасында.
Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.
Полиция дерегі бойынша, бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048877-elorda-ortalygyndagy-zoldardyn-zabylgany-turaly-videoga-qatysty-policeiler-pikir-bildirdi-video/