Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы әуежай маңында пайда болған ұзын-сонар кептелістің себебі анықталды

Жарияланған күні:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

3 желтоқсанда, жексенбіде түстен кейін Астана әуежайына кіреберіс аумақта ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Әуежайдағылар мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кептелістің видеосын әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған.

Әуежайдың баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында кеше сағат 19:00 шамасында әуежайдағы тұрақ жүйесіне қатысты мәселе туындағанын хабарлады. Сөйтсек, деректер желісінде ақау шығып, жолаушылар төлем жасай алмай қалыпты.

Алайда қызметкерлер ақауды тез арада қалыпқа келтіріп, әуежайдағы паркинг қызметі штаттық режимде қайта іске қосылған.

"Мәселе әуежай басшылығының жіті бақылауында. Әуежай ұжымы жолаушылардың жайлылығы үшін қызмет көрсету сапасын арттыру күш салады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048925-astanadagy-auezai-manynda-paida-bolgan-uzyn-sonar-keptelistin-sebebi-anyqtaldy/