Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы хостеліндегі қайғылы оқиғадан кейін елдегі жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

Жарияланған күні:

Астанадағы жатақхана
Астанадағы жатақхана. Видеодан кадр : youtube.com/@newsKTK

Астанада жертөледе орналасқан 20 жатақхана ТЖМ өкілдері тескерді. Алматыдағы қайғылы жағдайдан кейін төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі хостелдерді жапа-тармағай тексеріп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

ТЖ өкілдері кірген хостелдердің ешқайсы құрылыс және санитарлық нормаларға мүлдем сай келмейтінін анықтаған. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Не өрт сөндіру құрылғылары жоқ, не желдеткіш жүйесі мүлде қарастырылмаған.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, тілсіз жау тұтана қалса, сыртқа шығатын терезелерін темір қоршаумен шегелеп бекітіп тастаған.

Мұндай хостелдердің иелеріне төтенше жағдайлар департаменті айыппұл да сала алмайды. Төтеншеліктердің сөзінше, кәсіпкерлерді тексеруге уақытша мораторий жарияланғандықтан, көбіне қожайындары ескертулерді елемейді екен.

"Астана қаласының әкімдігінің ресми мәліметі бойынша 80 хостел Астанада орналасқан. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес хостел иесі немесе басқа адам бізге тексеру туралы арыз берсе, біз мән-жайын айтып береміз", - деді Астана ТЖД басқарма бастығы Мадияр Мырзагелдиев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048926-almaty-xostelindegi-qaigyly-oqigadan-keiin-eldegi-zataqxanalardy-zappai-tekserip-zatyr/