Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді 5 минут сайын". Алматы метросында пойыздар жиі жүре бастайды

Жарияланған күні:

Алматы метрополитені
Алматы метрополитені. Фото: telegram/AlmatyJoly

Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейіп, желіге шықты, деп хабарлайды AlmatyJoly Telegram-дағы ресми арнасында.

AlmatyJoly мәліметінше, жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілген.

"Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады.

Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.

Еске салайық, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048965-endi-5-minut-saiyn-almaty-metrosynda-poiyzdar-zii-zure-bastaidy/