Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 33 градус аяз болатыны ескертілді

Жарияланған күні:

қысқы көрініс
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы күндері, 5-7 желтоқсанда еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Метеоқызмет мамандарының айтуынша, апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің ықпалында болады.

Бұл өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі: 6 желтоқсанда Қазақстанның солтүстігінде қалың қар жауады, сондай-ақ көктайғақ пен боран күтіледі.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі екен.

7 желтоқсанда антициклонның солтүстік-батыстан келетін суық ауасы бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі:

  • түнде елдің батысында, орталығында және шығысында -10-18 градусқа дейін аяз;
  • республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде -25-33 градусқа дейін аяз;
  • оңтүстікте-5-13 аязға дейін.

Қазақстан бойынша да тұман мен желдің күшеюі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048998-aldagy-kunderi-elimizde-33-gradus-ayaz-bolatyny-eskertildi/