Қыс басталғанда Шымкентте қозықұйрық өсе бастады
Жарияланған күні:
Шымкентте желтоқсан айында қозықұйрық өсе бастады. Бұл туралы Уәли Қыдыр есімді шымкенттік тұрғын Facebook-тегі парақшасында бөліскен видеода айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Уәли Қыдыр есімді шымкенттік тұрғын қозықұйрық өсіп тұрған аймақты видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Видеода бір топ жігіттің қозықұйрық теріп жүргенін көруге болады.
"Бағбанды алып келіп жерді көрсетейін десек, мына жерге қозықұйрық өсіп кетіпті", - дейді видео авторы.
Жел қолданушылары табиғаттың тосын сыйына таңғалып, әр түрлі түрлі пікір жазуда.
"Құдайдың кереметі осы. Қазір әлемде күн, ауа бәрі өзгерісте","Не шықса да Шымкенттен шығады деген осы", "Ауа райы көктеммен сәйкес келіп тұрған шығар?", "Бақшада көп шығып жатыр ғой, теріп алып, жеуге қорқып отырмыз", - деп жазған желі қолданушылары.
Wikipedia-дағы мәліметіне сүйенсек, қозықұйрық жер шарының барлық жерінде кездеседі. Ол Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауында, Солтүстік Қазақстан және Алтайда, органикалық заттарға бай орман, шалғынды жерлерде өседі. Қозықұйрық жылыжайда ауа температурасы 11-14°С, ылғалдықта 1,5-2 айда пісіп жетіледі екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049466-symkentte-qys-bastalganda-qozyquiryq-osip-syqty-video/