Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдағы төтенше жағдай: ТЖД үйінді астында қанша адам қалғаны белгісіз екенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанайда газ жарылысы салдарынан қираған үйінді астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Қайрат Қасымның айтуынша, төтенше жағдай КамАЗ орталығының аумағында болған. Болжам бойынша, газ-ауа қоспасы жарылған.

"Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша үйінді астынан 3 адамды шығарып алдық, олардың біреуі ауыр (жарақат алды - ред.) Қазіргі уақытта барлығы 13 адам (шығарылған - ред.) - оларға медициналық көмек көрсетілді", - деді облыстық ТЖД басшысы.

Оның екеуі үйіне жіберілді, 7 адам ауруханада жатыр.

Қайрат Қасым апат болған орталықтың басшылығы қызметкерлердің тізімін бергенін айтты.

"Жұмыс берушінің тізімі бойынша үйінді астында тағы 3 адам болуы мүмкін. Бұл ұйымға қатысы жоқ, бірақ клиенттер де үйінді астында болуы мүмкін. Сондықтан қанша адам бар екені белгісіз. Қазір құтқару жұмыстары жүргізілуде", - деді Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

ТЖД басшысы бұл орталықта қандай қызмет көрсетілгені тура ештеңе айтпады.

"Ұйым басшылығы ұсынған тізім бойынша үш қызметкер із-түзсіз кеткен. Біз үйінді астында қалғандарға зиян келтірмеу үшін жабдықпен күрделі жұмыс жасап жатырмыз. Қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ", — деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.

Еске салайық, бүгін Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалғанын хабарлаған едік.

Кейін Қостанай облыстық ТЖД екі адамның құтқарылғанын, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050307-qostanaidagy-totense-zagdai-tzd-uiindi-astynda-qansa-adam-qalgany-belgisiz-ekenin-malimdedi/