Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақылға қонымды шешім": қаржы министрі БЖЗҚ-ның жеткілікті шекті сақтау шешіміне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев. Фото: primeminister.kz

Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін жеткілікті шек бойынша ескі ережені қалдыру шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, БЖЗҚ-ның негізгі мақсаты – азаматтар қартайған кезде еңбек еткені үшін тиісті төлемін алуын қамтамасыз ету, ол сол үшін құрылған.

"Қазір нақты қанша екені есімде жоқ, бірақ қателеспесем, 3 трлн теңгеден асады. Егер олар БЖЗҚ-да қалса, сома 20 триллион теңгеден асатын еді. Яғни бұл экономика үшін қомақты инвестициялық қаржы. Оны ала берсек, одан жақсы нәрсе өнбейді.

Бұл әр азаматтың ақшасы – жас кезінде азаматтардың басым бөлігі қартайған кезде зейнетақы жинау керек екен деп ойламайтыны анық... Сондықтан біз зейнетақы қорын ұстап отырмыз", – деді ол.

Алайда Жамаубаев зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткілікті шекті өзгертпеу ақылға қонымды шешім екенін айтты.

"Жалпы менің ойымша, бұл орынды шешім, өйткені біз ең алдымен тұрғындар, азаматтар қарттығына орай өзін ақшамен қамтамасыз етті ме, жоқ па, соны ойлауымыз керек. Қайта кейбірі қалдырғаны жақсы болған", – деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050495-aqylga-qonymdy-sesim-qarzy-ministri-bzzq-nyn-zetkilikti-sekti-saqtau-sesimine-qatysty-pikir-bildirdi/