Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Болат Назарбаевтың қызына қатысы бар деген компанияға шағымданды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тікенді сым
Тікенді сым. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Нұрсұлтан Назарбаевтың жиеніне қатысы бар болуы мүмкін компания Қазақстандағы шекара бекеттерін салу мерзімін кешіктіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловқа жолдаған сауалында еліміздің аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50 шекара бекетінің құрылысы жоспарланғанын айтты.

Оның сөзіне сенсек, 2022 жылы "Kapital construction" ЖШС және "TOLAGAI-2050" ЖШС мердігерлерімен жалпы 53,8 млрд теңге сомасына 20 шекара бекетінің құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тендер жарияланып, келісімшарттар жасалған.

Келісімшартқа сәйкес, "TOLAGAI-2050" ЖШС биыл 31 желтоқсанға дейін 40,4 млрд теңгеге 15 шекара бекетін салуға тиіс еді.

"Жоғарыда аталған келісімшартқа сай жұмыстар белгіленген мерзімнен қатты кешіктірілуде. Бұдан бөлек жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қатысты шағымдар бар. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, биыл 1 қазандағы жағдай бойынша "TOLAGAI-2050" ЖШС 14 млрд теңгені немесе келісімшарттың жалпы сомасының 35 пайызын ғана игерген.

Аталған құрылыс нысандары бойынша "TOLAGAI-2050" ЖШС келісімшарт мерзімін тағы тоғыз айға ұзартуды сұрап жатыр, бұл жоба шығынын айтарлықтай арттыруы мүмкін", – деп атап өтті мәжілісмен.

Сондай-ақ мәжіліс депутаты 2022 жылғы 3 ақпанға дейін аталған компания құрылтайшыларының ішінде қайтыс болған Болат Назарбаевтың қызы – Ақбота Назарбаева да болғанын айтты.

"Шекара бекеттерін құру еліміздің аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нысандардың бірі екенін есте ұстаған жөн, құрылыс бойынша белгіленген мерзімнен кешіктіру – елдің аумақтық тұтастығының бұзылу қаупін арттыруы мүмкін. Яғни есірткі және т.б. тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымына әрі жеке тұлғалардың ҚР аумағына заңсыз өтуіне байланысты еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бұл жоба бойынша "TOLAGAI-2050" ЖШС-ға тексеру жүргізіп, тиісті шараларды қабылдауыңызды сұраймыз", – деді Айдос Сарым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050662-deputat-bolat-nazarbaevtyn-qyzyna-qatysy-bar-degen-kompaniyaga-sagymdandy/