Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үш қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған полицей бостандықта қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей
Тәртіп сақшысы тексеріс жүргізіп жатыр. Көрнекі фото: Polisia.kz

Сот атыраулық тергеушіні алаяқтық, пара беруге итермелеу және қызметтік өкілетін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп тапты. Бұрынғы полиция капитанының төрт баласының болуы жазаны жеңілдетуге көмектесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облыстық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстық соттың ресми сайтының мәліметінше, Атырау қаласының №2 соты полиция капитаны шеніндегі тергеушіге қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, айыпталушы құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, 2021-2023 жылдар аралығында өз лауазымдық өкілеттерін өзіне пайда және артықшылық алу мақсатында, қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып, екі азаматшадан әр кезде ақша қаражаттарын қарыз есебінде алып, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген.

"Бұдан басқа 2021 жылғы 7 желтоқсанда ол заңсыз есірткі затын сатумен айналысқан азаматшанықылмыстық жауаптылықтан босатуға көмектесуге уәде беріп, оны алдап, лауазымды тұлғаға пара беруге айдап салған", - делінген сот хабарламасында

Сонымен қатар 2021 жылғы 6 желтоқсанда күдікті ретінде ұсталған азаматқа қатысты жеке тінту тергеу әрекетін жүргізу кезінде соңғысынан алынған ұялы телефоны мен әмиянын кері қайтармай, өзі иемденіп алып, өз лауазымдық өкілеттіктерін өзіне пайда және артықшылық алу мақсатында, қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін айыпталған. Бұл айып сот тергеуінде расталмаған.

Сотпен жаза тағайындау барысында жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның асырауында төрт жас баласының болуы, жәбірленушілерге мүліктік залалдың толық өтелуі, ауырлататын мән-жай ретінде қабылдаған антты бұзуы танылды.

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі, 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде айыпталушыға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол полиция капитаны арнайы атағынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051083-atyrauda-us-qylmystyq-is-boiynsa-kinali-dep-tanylgan-policei-bostandyqta-qaldy/