Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қар атысып ойнап жатқан жұп
Қыс. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда алдағы үш күнде қыс мезгіліндегі аяз бен боран бәсеңдеп, ауа температурасы жоғарылай бастайды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде күн жылынуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің айтуынша, қыс мезгіліндегі нағыз аяз бен боран бәсеңдей бастайды. Қазақстанға Голфстрим арқылы жылытылған Солтүстік Атлантикалық ауа массалары жылжиды. Осы орайда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.

Дегенмен метеоорталық мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Атлантикалық циклон әсерінен метео жағдай нашарлайды, бұрқасын мен қар жауады, ал жаңбыр аралас қар әуелі еліміздің батысы мен оңтүстігінде, кейін желтоқсанның 21-і – солтүстік пен орталықта жауады. Сондай-ақ көктайғақ күтіледі.

Осы орайда күндіз ауа температурасы біртіндеп 3-8 градустан 2 градусқа төмендеп, одан соң 3 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051336-qazaqstanda-kun-zylynyp-qar-aralas-zanbyr-zauady/