Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі балдық жер сілкінісі тіркелді

Жарияланған күні:

Алматы
Алматы, Медеу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

19 желтоқсанда Алматыда сағат 7:44 те жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станциялар желісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 347 км Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.6., MPV магнитудасы 6.0. Эпицентрдің координаттары 40.16°с.ш. 77.84° в.д.", - делінген хабарламада.

Жер асты дүмпуінің тереңдігі 10 шақырымда тіркелген.

Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Сейсмикалық станциялар желісінің ақпаратынша, қазіргі уақытта "112" және "101" жүйелеріне тұрғындардан қоңыраулар түскен жоқ.

Айта кетейік, Қытайда магнитудасы 6, кейбір деректер бойынша 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 111 адам қаза тапқан. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасынан хабарлады.

Алматы ТЖД Жер сілкінісі кезінде істелінуі тиіс 10 қарапайым қадам туралы айтты:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, алыс тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051388-almatyda-eki-baldyq-zer-silkinisi-tirkeldi/