Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Сергек" жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркейтін болады

Жарияланған күні:

"Сергек" камералары
"Сергек" камералары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Енді "Сергек" интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

"Талдау көрсеткендей, осы жылдың 11 айында 556 жаяу жүргінші, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде қаза тапқан. Жүргізуші тәртібін қатаңдату жол апатындағы қайғылы оқиғаның азаюына ықпал етеді", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Басылым мәліметінше, бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес "Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу" бойынша тіркеледі. Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүру қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады.

Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

"Біздің интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі – жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу", – деді жобаны әзірлеушілер.

Сонымен қатар интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты бұзушылықтарды тіркейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051393-almatyda-sergek-zayau-zurginsilerdi-otkizbeitin-zurgizusilerdi-tirkeitin-bolady/