Алматыда сейсмикалық станциялар күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚытайда болған жойқын жер асты дүмпуі салдарынан Алматыда жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев ТЖД қызметкерлерімен кездесу барысында жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қытайдағы жер сілкінісі Алматыда қайталануы мүмкін бе" деген сұраққа Дәулет Сәрсенбаев "Қытайдың Ганьсу провинциясында жер дүмпулері әлі де болып жатыр, бірақ күші әлсіз", - деп жауап берді.
"Біздің сейсмикалық стансалар күшейтілген жұмыс режиміне көшті, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қазір қытайлық әріптестерден ақпарат күтіп отырмыз, соның негізінде болжамдық комиссия жиналады", - деді Сейсмология институтының директоры.
Спикер келесі жылы күшті жер сілкінісі болу ықтималдығына қатысты болжам 2024 жылғы қаңтар айының соңы ақпан айының басында белгілі болатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Қытайда жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан Ганьсу және Цинхай провинцияларында 111 адам қаза тапқан болатын.
Сонымен қатар Алматыда 19 желтоқсанда сағат 07:44-те жер сілкінісі тіркелді, оның күші 2 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6,0 болып тіркелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051432-almatyda-seismikalyq-stanciyalar-kuseitilgen-zumys-rezimine-kosti/