Алматылық әжейлер әлемдік сән көрсетілімдеріне қатысып жүр (видео)
Жарияланған күні:
Алматылық әжейлер Милан мен Венециядағы сән көрсетілімдеріне қатысып, қазақтың ұлттық киімін таныстырып жүр. Модельдер бұл қызығушылығын "Еуразия Бірінші арнасы" тілшілеріне айтып берді.
Телеарна хабарына қарағанда, осы күзде Алматыдан барған модель әжелер алғаш рет әлемдік подиумды бағындырған. Олар Италиядағы Milano Fashion Week сән көрсетіліміне қатысып, қазақстандық дизайнердің ұлттық киімінің сұлулығын паш еткен. Олар Милан мен Венецияда қошеметке ие болған.
Алты немересі бар әже Зина Ищанова "Алматы әжелері" жобасының идеялық шабыттандырушысы болған.
"Біздің қызметті тұтынушылар арасында, жиыны 2,5 мың әйел, біз ең әдемі, ең сымбатты, ең қызықтысын таңдауды ұйғардық. Біздің топта алуан түрлі әйелдер бар: қалыптасқан әйелдер, біріміз қаржы директоры болғанбыз, біріміз мемлекеттік құрылымда жұмыс істедік, біріміз мұғалім болдық, тіпті полицейлер де бар арамызда", - дейді қаланың белсенді ұзақ өмір бөлімінің меңгерушісі Зина Ищанова.
"Алматы әжелері" командасындағы модельдердің жасы 61-ден жоғары. Ең үлкені 75-те. Көпшілігі бала кезінен подиумда жарқырауды армандаған.
"Мен музыка мен өнерден алыс болдым. Мамандығым бойынша, мен инженер-құрылысшымын. Кез келген әйел подиумды армандайды. Миланда жүргенде мен ең бақытты әйел болдым, өйткені бұл жаста да модель болуға мүмкіндік бар", - дейді модель Гүлнар Құнанбаева.
"Алматы әжелері" модельдік агенттігі кейбіріне өткенге оралуға мүмкіндік берген.
"Бір кездері, 1989 жылы мен "Алматы аруы" байқауына қатысқанмын. Көрермен көзайымы жүлдесін алдым. Сондықтан осы атмосфераға енгенімде осыны сезіндім, жастығыңды сақтасаң, жасара түсесің", - дейді модель Лариса Берладион.
Әжелерінің бұл қызығушылығына немерелері мен шөберелеріне ұнайды екен.
"Жас кедергі емес. Бұл жаста нағыз өмір басталады, балаларымыз бен немерелеріміз мақтаныш етеді. Мені немерем "ажека-мечта" деп атайтын болған", - дейді модель Роза Раздықова.
Енді сұлу әжейлер Еуропаға тағы баруды жоспарлап отыр.
Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында бүгінгі таңда Қазақстанда зейнет жасындағы 2,3 миллионнан астам азамат тұратыны айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051828-almatylyq-azeiler-alemdik-san-korsetilimderine-qatysyp-zur-video/