"Аграрлық несие корпорациясы" филиалы директорының бұрынғы орынбасары сотталды
Жарияланған күні:
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.
Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінген. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан.
Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051840-agrarlyq-nesie-korporaciyasy-filialy-direktorynyn-buryngy-orynbasary-sottaldy/