Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жеке үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен тұрғын ауруханада қайтыс болды

Жарияланған күні:

Науқас пен дәрігер
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Бірнеше күн бұрын Алматы облысы Гүлдала ауылында екі жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті. Жараланғандардың бірі көпсалалы клиникалық ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды емдеу мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық мекемеге газ жарылысынан зардап шеккен екі науқас түскен.

"Ауыр жарақат салдарынан 1991 жылы туылған науқас бүгін таңертең есін жимастан қайтыс болды. Оның денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Медициналық мекеменің мәліметінше, екінші зардап шегушінің жағдайы ауыр. Әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 17 желтоқсан күні Алматы облысы Гүлдала ауылында екі жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051993-almaty-oblysynda-zeke-uidegi-gaz-zarylysynan-zardap-sekken-turgyn-auruxanada-qaitys-boldy/