Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңызды қадам": Цифрлық даму министрлігі Яндекс серверлері Қазақстанға көшірілгенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Яндекс
Яндекс. Көрнекі фото: NUR.KZ / Виктор Николаев

Яндекс серверлерін Қазақстанға көшіруді аяқтады. Енді yandex.kz тек ел ішінде орналасқан серверлерде ғана жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Яндекс серверлерін көшіру жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталған.

"Яндекстің Қазақстандағы командасы елге қажетті жабдықтарды әкеліп, оны пайдалануға берді. Бұдан кейін жүктемелік тестілеу жүргізіп, оны сәтті аяқтағаннан кейін yandex.kz порталы толығымен жергілікті серверлерге ауыстырылды", - дейді министрлік өкілдері.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, Яндекс Қазақстан ұлттық ресурстарды нығайту бойынша жоспарлы түрде жұмыс істейді және өзінің қазақстандықтарға арналған сервистерін локализациялауда.

"Серверлерді ел аумағына көшіру – маңызды қадам. Бұл біздің пайдаланушыларымыздың деректерінің Қазақстанда өңделетінін көрсетеді. Министрлік азаматтарымыздың қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөледі", - дейді Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052765-manyzdy-qadam-cifrlyq-damu-ministrligi-yandeks-serverleri-qazaqstanga-kosirilgenin-malimdedi/