Сот АМӨЗ бұрынғы басшысы Шухрат Данбайға жаңа үкім шығарды
Жарияланған күні:
Атырау облыстық соты Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Шухрат Данбайға қатысты үкім шығарды. АМӨЗ бұрынғы басшысына қатысты істі облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбай мен кәсіпорынның сатып алу департаментінің бұрынғы директоры Қанат Сейдуалиев алдын ала сөз байласу арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын.
Прокурор Данбайға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу, Сейдуалиевке мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Адвокаттар қорғаушыларының іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты оларды ақтауды сұрады.
Алайда сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденгенін мәлімдеді.
Нәтижесінде Шухрат Данбайға 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу, ал Сейдуалиевке 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052781-sot-amoz-buryngy-bassysy-suxrat-danbaiga-zana-ukim-sygardy/