Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда 30 аққудың өлексесі табылды (фото)

Жарияланған күні:

Мамандар сынама алуда
Мамандар сынама алуда. Фото: facebook.com/Үстірт-Қорығы

"Қарақия-Қарақөл" табиғи қаумалының инспекторлары Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлі аумағынан 30 аққудың өлексесін тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Үстірт қорығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үстірт қорығының Facebook-тегі ресми парақшасындағы мәлімет бойынша 2023 жылғы 21 желтоқсанда "Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторлары қорғау жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлі аумағынан сыбырлақ аққудың 30 өлексесін тапқан.

26 желтоқсанда Микробиология және вирусология өндірістік орталығының ғылыми зертханасының қызметкері құстардың қырылу себебін анықтау үшін сынама алған.

Маңғыстау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері Facebook-тегі парақшасында аққулардың қырылуы туралы облыстық ветеринарлық қызметке хабарланғанын атап өтті.

Мамандар тексеру қорытындысы туралы қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда "Қарақия-Қаракөл" қаумалы инспекторлары қаумал аумағында басқа да құстардың қырылуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осыған байланысты облыс, қала тұрғындары аққу немесе басқа да құстардың өлексесін көрген болса жергілікті жердегі ветеринарлық қызметтерге, табиғат қорғау ұйымдарына және аумақтық инспекцияға хабарлауды сұраймыз", - деді инспекция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052836-mangystauda-otyz-aqqudyn-oleksesi-tabyldy-foto/