Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында көктайғақ пен жауын-шашын салдарынан ондаған жүк көлігі тасжолда тұрып қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шекарада кезекте тұрған жүк көлігі
Жүк көліктері. Көрнекі фото: Serhii Hudak/Ukrinform /Barcroft Media /Getty Images

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолында ауа райының қолайсыздығынан ондаған жүк көлігі тұрып қалды. Жүк көлігі жүргізушілерінің айтуынша, көліктер көктайғақтан қозғала алмай жолда қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл жағдай Хромтаудан Ырғызға дейінгі аумақтағы "Самара-Шымкент" болды.

Арна тілшілеріне "ҚазАвтоЖол" өкілдері жағдайды реттеуге техниканың жеткіліксіз екенін айтты.

"Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ырғыз учаскесінде 23 бірлік техника жұмылдырылды. 35 адам тәулік бойы жұмыс істейді. 2023 жылғы 26 желтоқсанында кешкі уақытта қоғамдық көліктер мен жүк тасымалына қозғалысына шектеу қойылды", — деді компанияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Ринат. Оразғалиев.

Оның айтуынша, 27-сі күні жол ашылды. Компания өкілі"ҚазАвтоЖол" бұл жолмен жүретін көліктердің 70 пайызы жүк көліктері екенін атап өтті.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053006-aqtobe-oblysynda-koktaigaq-pen-zauyn-sasyn-saldarynan-ondagan-zuk-koligi-taszolda-turyp-qaldy/