Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды: әкімдік тізім жариялады

Жарияланған күні:

pexels.com
Құрылыс алаңы. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы әкімдігі 2023 жылдың басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі әкімдіктің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерістер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 заңбұзушылықты анықтап, жол берілген заңбұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берген.

"Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды", - делінген хабарда.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылған:

  1. "АРТЕМИДА ЛТД" ЖШС;
  2. "ТриА Холдинг" ЖШС;
  3. "Ремстрой" ЖШС;
  4. "ABM Building" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  5. "Debo Stroy" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  6. "ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  7. "Ақ Ордасы корпорациясы" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  8. "DP ENGINEERING GROUP" ЖШС (лицензияның кіші түрі).

Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгені айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053123-almatyda-8-qurylys-kompaniyasy-licenziyasynan-aiyryldy-akimdik-tizim-zariyalady/