Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысының тұрғынын ұстады

Жарияланған күні:

ҰҚК ұстау шарасы жүргізілген сәт
ҰҚК ұстау шарасы жүргізілген сәт. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін, 29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттау деректері тіркелген.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынған.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053264-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-abai-oblysynyn-turgynyn-ustady/