Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасында бірге тұрған ер адам болған": Павлодарда пәтерде әйелдің денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодарда Лермонтов көшесіндегі пәтерлердің бірінен әйелдің денесі табылды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағымсыз иіс шыққан есікті бұзып ашқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғаламторда оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Пәтерде әйел өлі күйінде табылған. Сондай-ақ пәтер ішінде әйелмен бірге тұрған ер адам да болған.

"Пәтердің ішінде мас ер адам болды. Сонымен қатар пәтерде онымен бірге тұрған әйелдің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол ішімдік салдарынан қаза тапқан, әлі нақты белгісіз", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа қатысты Павлодар облысының ПД өкілдері түсінік берді.

"28 желтоқсанда Лермонтов көшесіндегі пәтерден жағымсыз иісі бар әйелдің денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті үйден өлген адамның иісі шығып жатқандықтан, полицейлер есікті ашу үшін оқиға орнына құтқарушыларды шақырғанын айтты. Пәтер ішіндегі бөлмеден төсек үстінде әйелдің денесі табылды. Пәтерде 1959 жылы туған мас ер адам да болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053302-qasynda-birge-turgan-er-adam-bolgan-pavlodarda-paterde-aieldin-denesi-tabyldy/