Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

ТЖМ құтқарушылары
ТЖМ құтқарушылары. Фото: t.me/qr_tjm

30 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында ТЖМ бөлімшелері төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қызметтің күшейтілген режиміне көшті. Күштер мен құралдар тұрақты дайындықта, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

Мереке күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ азаматтардан дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылауды, сондай-ақ алыс сапарға шықпауды сұрайды.

"Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Қазіргі уақытта ауа-райының күрт жылынуына байланысты еліміздің кейбір өңірлерінде су айдындарында мұздың жұқарғаны байқалады. Осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз!", - деді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар ведомстводағылар жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырды. Үй-жайда отшашулар мен өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қауіпті жарық әсері бар құралдарды пайдалануға болмайды.

Пиротехникалық құралдарды абайсыз қолдану өрттің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар жарақат пен мертігуге әкелуі мүмкін екенін еске салды.

"Сонымен қатар, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет.

Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңа жыл отбасылық мереке екенін ескере отырып, оны үйде отбасымен қарсы алу ұсынылады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053416-totense-zagdailar-ministrligi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/