"Қар көшкіні қаупі бар": Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жолдады
Жарияланған күні:
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті және "Қазселденқорғау" ММ Іле-Алатау филиалы тұрғындарға қар көшкінінің жүру қаупі туралы ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазселденқорғау" ММ Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 3 қаңтарға дейін көшкін қаупі сақталады.
Осыған бланысты құтқарушылар азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.
"Тауларда қар деңгейінің едәуір қалыңдығына байланысты (25 см – ден артық) - Алматы облысының аумағында қар көшкіні қаупі жоғары. Жоғарыда айтылғандардың негізінде тауларға барудан бас тартуды, таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынамыз", - деп хабарлады "Қазселденқорғау" ММ Іле-Алатау филиалы.
Алматы облысы ТЖД, түрғындарға таулы жерге, таулардың қарлы беткейлеріне бармауды ескертті. Ведомство өкілдері көмек қажет болса, 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажеттігін еске салды.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053427-qar-koskini-qaupi-bar-almaty-oblystyq-tzd-turgyndarga-undeu-zoldady/